Бөрлі ауданында бес ауылдың әкімі сайланады

Бөрлі ауданында бес ауылдың әкімі сайланады

 

Бөрлі ауданының Ақсу, Қарақұдық, Қарағанды, Бөрлі, Қанай ауылында әкімдер сайланады. Бүгін таңғы 7.00-де сайлау учаскелері жұмысын бастады.

Олар кешкі сағат 8.00-ге дейін жұмыс жасайды. Ақсу ауылында 391 сайлаушы тіркелген. Таңнан бері ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Қазіргі кезде 50 шақты тұрғын таңдауын жасап үлгерген. Сайлаудың әділ өтуі басты назарда.

-Ауыл тұрғындарын өз таңдауларын жасауға шақырамын. Өзім де таңмен келіп дауыс бердім. Ауылымыздың бүгінгі ажары әрине жақсы. Алайда алда атқарылар жұмыстан үміт мол. Ауылдың жарық мәселесі өзекті. Халық таңдайтын болашақ әкіміміз осындай олқылықтарды жоюға күш салады деп ойлаймын, - дейді аналар кеңесінің төреайымы Зәуреш Сайлауқызы.

Жайық Пресс