Теректіде сайлау әділ өтуде

Теректіде сайлау әділ өтуде

 

Еліміз бойынша тұңғыш рет округ әкімдерін халық сайлайды. Бұл – демократияның айқын көрінісі. Халық аталмыш өзгерісті жақсы қабылдады. Оған дәлел – бүгінгі сайлауға тұрғындардың белсенді қатысуы.

Мен – Теректі ауданының Подстепный ауылындағы №367 сайлау учаскісінде бақылаушы болып отырмын. Бүгінгі ауыл әкімінің сайлауы өз деңгейінде өтіп жатыр. Ауыл халқы ешқандай қысымсыз дауыстарын беруге келіп жатқанын көріп, бақылаудамын. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық нормалар сақталған. Дауыс беру барысында келеңсіз жағдайлар байқалмады. Халық елдің қамын ойлайтын әкімге дауыс беріп жатқандығына сенімдімін.

Жайық Пресс