Казталовта төрт ауылдық округтің әкімі сайлануда

Казталовта төрт ауылдық округтің әкімі сайлануда

 

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерін сайлауы өтуде.

Казталов ауданында Казталов, Көктерек, Жаңажол, Бостандық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жүріп жатыр.

Казталов ауылдық округінде №258, №219, №220 сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де әнұран шырқалып, дауыс беру науқаны науқаны басталды. №219 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берген ауыл тұрғыны Гүлжиян Едресова болды.

-Биыл халқымыз алғаш рет ауыл әкімдерін өзі таңдау құқығына ие болып отыр. Бұл ауылдың болашағы ауыл тұрғындарының таңдауына байланысты деген сөз. Бүгін мен Казталов ауылдық округінің әкімі лауазымына лайықты үміткерге дауысымды бердім. Барша ауылдастарымызды дұрыс таңдау жасауға шақырамын. Себебі қос үміткердің де сайлауалды бағдарламасы баршамызға таныс. Бағдарлама үміткердің халқына берген уәдесі. Ол орындалатын болса ауылымыздың болашағы жарқын болатынына кепілдік мол, - дейді ауыл тұрғыны Гүлжиян Идресова.

Жайық Пресс