
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының лауазымына Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы тағайындалды.
Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы - 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «қаржы және несие», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы;
– Батыс Қазақстан облысының көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші, бас маманы;
– Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы экономикалық байланыстар, туризм және лицензиялау бөлімінің бастығы;
– Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.
2019 жылдан «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның инвестициялық даму және инвестициядан кейінгі сүйемелдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.