Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы тағайындалды.   

Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы - 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.  

 

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің жетекші, бас маманы маманы;

– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;

– Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы;

– ҚР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының сарапшысы;

– «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының  бас сарапшысы;

– Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің бөлімінің басшысы;

– Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

– Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады. 

 

2018 жылдан Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды