Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

 

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімі лауазымына Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы тағайындалды. 

Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы - 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «агрономия», Еуразия академиясын «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

 

– Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің маманы, І-дәрежелі аға маманы, бөлімінің меңгерушісі;

– Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-бөлім меңгерушісі;

 – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі;

– Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылдық округінің әкімі;

– Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс жасады.

 

2016 жылдан Қаратөбе ауданы маслихатының хатшысы қызметін атқарды.