
Кәсіпорын директоры Рустам Ахметовтың айтуынша, компания қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануда.
- Кәсіпорның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында цифрландару және жасыл технологияларға көңіл бөлуді жалғастыру қажет. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев та жиі айтып жүр, - деді облыс әкімі.
Еске салайық, «Нұржанар» АҚ - өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Бүгінгі күні компания алкогольсіз сусындар мен бөтелкедегі су өндірісімен айналысады. Зауыт отандық және шетелдік жабдықпен жабдықталған. Қызметкерлер саны - 228 адам.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жолдауын қолдау аясында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 30 қызметкердің еңбекақысы көтеріліп, жалақы көлемі 85 000 теңгеге жететінін атап өткен жөн.