
Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Құлқаев Алтай Есмағұлұлы тағайындалды.
Білімі - жоғары. Қазақ коммерциялық қаржы академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары:
- Теректі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,
- Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы,
Ал 2015 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.