БҚО ӘКІМДІГІ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

БҚО ӘКІМДІГІ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ



Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев пен "Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева облыстың қоршаған ортасын қорғау, соның ішінде ауаға көмірқышқыл газының шығарылуын төмендету бойынша экологиялық, зерттеу және мониторингтік іс-шараларды жүргізу үшін әлеуметтік тапсырыс қалыптастыру, табиғатты пайдалану объектілерінде табиғатты қорғау бағдарламалары мен инвестициялық жобаларды әзірлеу және іс жүзінде жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум "Жасыл” және инновациялық технологиялар бойынша пилоттық жобаларды жетілдіруді, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, бірлескен экологиялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық және әлемдік деңгейдегі сарапшыларды, халықаралық ұйымдарды, қорларды тартуды көздейді.
Сондай-ақ, құжатта Қазақстанның "Жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы мен "Жасыл көпір"серіктестік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық атап өтілді.