ОРАЛДА ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ОРАЛДА ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

 

Орал қаласының әкімдігінің бастамасымен жыл сайын қала аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша айлық өткізіледі. Тазалық айлығын өткізу шеңберінде қалалық және аулаішілік аумақтар бойынша жұмыстарды жүргізу (көгалдарды жинау, ағаш пен бұталар отырғызу, балалар және спорт алаңдарын жөндеу, шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау), тұрғын үй қорын ретке келтіру (ғимараттардың есіктерін, күнқағарларын, кіреберістерін, баспалдақтарын, жертөле және шатыр үй-жайларын жөндеу), жол, әлеуметтік сала, өнеркәсіп, құрылыс объектілерін ретке келтіру жоспарланған.

Бұдан басқа сенбілік барысында қала аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту, құлаған ағаштардың үйінділерін бөлшектеу, құрғақ бұталар мен ағаштарды кесу және шығару, жалпықалалық аумақта көшеттерді әктеу және отырғызу сияқты жұмыстар орындалатын болады.

Көктемгі сенбіліктер қаланың барлық инфрақұрылымын жазғы кезеңге кешенді дайындауға бағытталған.

Сенбіліктерді өткізу барысы жауапты 20 учаскеге бөлініп, әкімдік тарапынан жауапты тұлғалар бекітілетін болады.

Айта кету керек, тазалық айлығы тек облыс орталығында емес, барлық аудандар мен елдімекендерде өткізілетін болады.