Коронавирус: Ақмола «сары» аймаққа өтті, «қызыл» аймақта – екі қала, төрт облыс тұр

Коронавирус: Ақмола «сары» аймаққа өтті, «қызыл» аймақта – екі қала, төрт облыс тұр

– Ақмола облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.