Оқушылар мен студенттер төртінші тоқсанда қалай оқиды

Оқушылар мен студенттер төртінші тоқсанда қалай оқиды

Айгүл Мыңбаева
БҚО білім басқармасының басшысы

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 30 наурыздағы №9 қаулысының негізінде төртінші тоқсанда келесі режимде оқыту қарастырылған:

- сыныптарда балалар саны 25 адамнан аспайтын 300 оқушыға дейінгі контингенті бар ауыл мектептерінде, сыныптарда балалар саны 15 адамнан аспайтын Бәйтерек ауданының, Бөрлі ауданының және Орал қаласының мектептерінде дәстүрлі форматта оқыту;

- аралас форматтағы жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптар, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын Бәйтерек ауданының, Бөрлі ауданының және Орал қаласының мектептерінде ата-аналарының өтініші негізінде оқыту;

- 9, 11-сыныптар үшін пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30% - ын қашықтықтан аралас форматта оқыту "1-сынып-1 кабинет" қағидаты бойынша 15 адамнан аспайды, аптаның 6 күні ішінде санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимді сақтау.

Сондай-ақ, облыстың 35 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқытудың аралас форматында оқитын болады.

Тұрақты негізде оқыту режимі бойынша туындайтын мәселелерге жедел ден қою үшін 1301, 87471127407 телефондары бойынша облыстың білім басқармасының call-орталығы жұмыс істейді.