ОРАЛДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ОҚУШЫЛАРҒА 42 500 ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

ОРАЛДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ОҚУШЫЛАРҒА 42 500 ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ


Оралда 14 жастан асқан оқушылар жазғы демалыста 42 500 теңгеден ала алады

Оқушылардың «Менің аулам – менің бақшам» жобасы аясында жаз бойы мектеп бақшасында еңбек етіп, табыс табуға мүмкіндігі бар.

Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Аймақтағы 12 ауданның 70-ке жуық мектебі жобаға қолдау білдірді. Мектеп оқушылары ата-анасы келісім берген жағдайда ғана жаз бойы бау-бақшада еңбектене алады. Оларға айына 42500 теңге төленеді», - деп жазды облыс әкімі.