ОРАЛДЫ ҚАР СУЫНАН АРЫЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖІМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОРАЛДЫ ҚАР СУЫНАН АРЫЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖІМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

Орал қаласында ауа райының жылынуы мен қардың еруіне байланысты су сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізіліп жатыр. Тиісті қызметтер тәулік бойы қаладағы орындардың жаппай су астында қалуын болдырмауға арналған шараларды қабылдауда.

Қазіргі таңда қала көшелерінен 13 мың текше метр су шығарылды. Сонымен қатар арықтарды да тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қала көшелерінде 40 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, қар шығару жұмыстарына да 100-ден астам техника және 320 қызметші жұмылдырылған.