
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері облыс әкімі
Ғали Есқалиевпен кездесті.
Кездесу барысында Агенттік өкілдері Адалдық алаңы жобасының маңыздылығы туралы айтып, жобаның елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының орталығы на айналғанын жеткізді.
Республикалық «Парасат жол» орталығының жетекшісіn, жазушы Сәдібек Түгел қоғамда дәстүрлі халық құндылықтарын дәріптеу, айналасындағыларға құрмет көрсету, білім мен еңбекке ұмтылу тәрбиелеудегі маңызды жұмыстарға тоқталды.
Жергілікті атқарушы органдар қызметі – ашық және жариялы болуы қажет. Қабылданатын әр шешімді қоғам өкілдерімен бірлесе отырып қабылдау – халықтың қажеттілігін қанағаттандыруда ерекше орын алады,– деп атап өтті Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева.
Кездесуге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін талқылады.