ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҒИМАРАТЫ (БҰРЫНҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК)

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҒИМАРАТЫ (БҰРЫНҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК)


Облыс әкімдігінің ғимаратын (бұрынғы коммерциялық банк) 1896 жылы сәулетші А.Бункин салған. Облыс әкімдігінің ғимаратында бастапқыда 1890 жылы Санкт-Петербургте Француз банкирлерінің қатысуымен құрылған Орыс сауда-өнеркәсіптік коммерциялық банкі орналасқан. Банктің Ресейде, оның ішінде Оралда 111 филиалы (басқа банктердің ішінде ең көбі), сондай-ақ, шетелде: Лондон мен Парижде екі филиалы болды.

Бастапқы жобада бұл ғимараттың кіреберістері арыстандармен безендірілген. Ғимарараттың жанында балконда қолына үлкен бекіре балық ұстаған казактың мүсінімен безендірілген. 1917 жылдан кейін, казактардың орнына ғимараттың балкондарында қасында кохозшы әйелі бар кеңес жұмысшысы пайда болды. Ал үй-жайдың өзінде жұмысшы депутаттар мен атқарушы комитеттер орналасқан.

Бүгінде бұл тарихи нысан республикалық маңызы бар мәдениет ескерткіші болып табылады, онда Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі орналасқан.