Коронавирусқа қарсы вакциналау оразаны бұзбайды, деп хабарлайды мешіт қызметкерлері. Емдеу үшін қолданылатын инъекцияларға тыйым салынбаған, деп түсіндірді діни сенушілерге. Егер вакцина адамның ас қорыту жүйесіне, ауыз немесе мұрын арқылы кірсе, ораза бұзылды деп саналады. Вакцина бұған жол бермейді. Естеріңізге сала кетейік, ораза биыл 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.