Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Шәкімов "Орал қаласының Халықаралық әуежайын қайта жаңарту және жаңғырту"объектісінің құрылысымен танысып, көшпелі кеңес өткізді.
Бүгінгі күні іргетастарды, бағаналарды, ішкі қалқаларды орнату, қабырғалардың металл конструкцияларын дайындау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ электр жарықтандыру желілері жүргізілуде.