ОРАЛДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ФОРУМЫ ӨТТІ

ОРАЛДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ФОРУМЫ ӨТТІ

 

Облыста қазақ қоғамындағы мәдениетаралық, халықаралық қарым-қатынаспен байланысты келелі мәселелерді талдау, тілді қарым- қатынас құралы ғана емес, сол елдің мәдени құндылықтарының өзегі, сарқылмас байлығы ретінде құрметтеу және қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің проблемалық-тақырыптық пікірталас алаңдарының жұмысын талқылау мақсатында «Тіл – мәдениетаралық коммуникация және ұлттық бірегейлік: болашаққа көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік форумы онлайн режимде өтті.

Форумның пленарлық бөлімінде «Тіл – бірегейлік тұғыры», «Адам баласын өркениетке жеткізер ұлы күш - тіл», «Тіл – өзіне тән әлем мен халықтардың көрінісі» тақырыптары негізінде Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінің қауымдастырылған профессоры Мұстафа Кале «Қожа Ахмет Яссауи мен Қожа Ахмет Яссауи университетінің түрік-қазақ қатынастарындағы рөлі», Измир қаласы Эгей университетінің түрік тілі және әдебиеті факультетінің докторы,Мұстафа Өнер «Түркология және ұлттық мәдениет», Қазан қаласының Қазан федералды университеті филология және мәдениетаралық байланыс институтының филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Ижбаева мен Башқұртстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Батыршин Шамиль Фасхидинович «Мифтің когнитивті қызметі»атты ортақ тақырыпты талқылайтын болса, Батыс Қазақстан университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р. Мұхамбетқалиева «Түркі əлеміндегі бертінгі сырт елдер руханиятының эволюциясы мен əдеби байланыстары» бойыншатілдің қазіргі қоғамдағы, әлемдегі орны, ұлт ішіндегі татулық, мәдениет пен дәстүрдің үйлесімділігі және елдің болашағы туралы ой бөлісті.

Форум екі бөлімді қамтыды. Практикалық кезеңінде Астана қаласынан Орталық Азия бойынша ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық директоры, директорының орынбасары мен үйлестірушілері, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облысы ұстаздары іс-тәжірибелерімен алмасты.