Іске асқан жетістіктер ретінде үш жылдық мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды атап өтуге болады. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 2020-2022 жылдарға көпжылдық 10 жобаға мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Жобалар 3 жылдық мерзімге тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін және бюджет қаражаттарын үнемдеу үшін жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, 2020 жылы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды.
БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің бастамасы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі пилоттық жобаны іске асырушы мемлекеттік органдардың тізбесіне енгізілді. Пилот 4 орталық мемлекеттік орган (ҚМ, ӘМ, ИИДМ, АШМ) және 5 жергілікті атқарушы органда (Нұр-Сұлтан қ., Батыс Қазақстан обл., Шығыс Қазақстан обл., Қостанай обл., Қызылорда обл.) жүргізілді. Жалпы алғанда пилоттық жоба бірыңғай тәжірибені қалыптастыру, сатып алуды стандарттау, шығыстарды, оның ішінде функциялардың қайталануын болдырмау жолымен оңтайландыру сияқты оң нәтижелер көрсетті.