БҮГІН ХАН ОРДАСЫНА 220 ЖЫЛ

БҮГІН ХАН ОРДАСЫНА 220 ЖЫЛ

 

Бөкейдің тойы - елдің тойы. Бүгін Бөкей хандығының құрылғанына 220 жыл толды. Тек батыс жұрты үшін ғана емес, тұтас Қазақ елі үшін саяси маңызды нысан болып табылатын, жылдар бойғы зұлымдық пен қиянаттан көз ашпай, жүрегі шайылған халықтың үмітін жағып, ой санасын тіктеп, намыстың отын түтеткен, Бөкей қалыптастырған қасиетті мекен Хан Ордасына 220 жыл толып отыр!

Бұл күнде еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлар алдында қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңінен бастап, күні бүгінге дейінгі өсу жолдарын қайта саралап, еске алуда. Ұлы ойшылдарымыз айтқандай, «Қандай ел де мемлекет атануы үшін алдымен жері, экономикасы, мәдениеті болуы керек». Ал осы тұрғыдан келгенде, ХІХ ғасырдың өзінде, нақтырақ айтсақ, 1801 жылы Еділ мен Жайық арасында құрылып, қанат жайған Бөкей хандығының мемлекеттілік талаптарына толық жауап бере алғандығын біз өте жақсы білеміз.

Жасампаздық пен келісімнің, бейбітшіліктің отыз жылы болған Тәуелсіздігіміз бен Хан Ордасының мерейтойы құтты болсын! Елімізге аман, жұртымыз тыныш болсын!