ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

2021 жылдың 10 наурызында БҚО Шыңғырлау ауданының аумағында 2 сағат 41 минутта, Самара-Шымкент тас жолының 489-522 шақырымында, Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 шақырым жолдың әртүрлі учаскелерінде ауыр жүк және жеңіл автомобильдерден кептеліс пайда болды (шамамен 300 жүк көлігі және 50 жеңіл автомобиль топ болып тұр). Ауа райының нашарлауына және құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, өрмелеуге шыға алмайды.
Қазіргі уақытта 10 сағат 30 минутта БҚО ТЖД күшімен автожолдың тазартылған учаскесіне 5 бірлік техника (ауыр жүк) сүйретілді, сондай-ақ 54 бірлік техника (ауыр жүк) Жымпиты кентінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Ақтөбе облысы бағытында тұрған ұзындығы 10 км 175 ауыр жүк автомашинасы (жеңіл автомашиналар жоқ) кептелісте қалып отыр. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысына қарай бір жолақ ашылды, онда жиналған ауыр жүк көліктері кезектілік бойынша жөнелтіледі.
Авариялық-құтқару жұмыстары БҚО ТЖД (11 қызметкер және 4 бірлік техника), "Қазақавтожол" ЖШС (5 қызметкер және 4 бірлік техника) күштерімен жалғасуда.


Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!

БҚО ТЖД жүргізушілерге қысқы трассаларда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жолдардың жағдайы туралы ақпаратты "Дәрмен"мобильді қосымшасынан қосымша алуға болады.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөміріне хабарлаңыз.