БҚО-ДА "КӨКТЕМ-2021"РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТУДЕ

БҚО-ДА "КӨКТЕМ-2021"РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТУДЕ

2021 жылғы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысында "Көктем-2021" Республикалық командалық - штабтық оқу – жаттығулары басталды, олардың негізгі мақсаты-көктемгі кезеңде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейін арттыру.

Күннің бірінші жартысында оқу-жаттығу басшысының орынбасары БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өкілдерімен бірлесіп, оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары мен оларды орындау тәсілдері талқыланып, нақтыланды. Оқу сигналы түскеннен кейін жедел топ Бәйтерек ауданы Мичурино кентінің шартты төтенше жағдай орнына шықты.

Оқу-жаттығу аймағында халықты эвакуациялау және мұзды кесу, сондай-ақ суды сору сияқты жедел топтың келесі жұмыстары жүргізіледі. Жұмылдырылған топтың дербес жұмыс істеуі, сондай-ақ ТЖ жою орнында зардап шеккен халықты қабылдау үшін далалық лагерь өрістетілсін. Оқу-жаттығу учаскелеріне барлығы 45 жеке құрам, 4 бірлік техника, 2 бірлік мұз кесу қондырғылары қатысады.
Бүгінгі күні бірінші кезектегі міндеттерді орындау және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

2021 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша төтенше жағдайды жою бойынша кіріспе сигналдар және оларды облыстың осы оқу аймағында шешу жолдары толтырылды.