БҚО ӘКІМІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

БҚО ӘКІМІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ



Қойылған сұрақтарға сәйкес азаматтармен әңгімелесуге Орал қаласы әкімдігінің және мүдделі органдардың басшылығы қосылды.

Өтініштер негізінен құқық, тұрғын үй және жұмыспен қамту, оның ішінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға гранттар беру, қоғамдық - ақылы жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және қысқа мерзімді оқыту мәселелеріне қатысты болды.

Сонымен, қабылдау барысында тұрғын үй мәселесімен Сырым ауданы Алғабас ауылының тұрғыны жүгінді. Өз отбасымен бірге тұратын үй апатты деп танылған. Отбасы жалға берілетін тұрғын үйге кезекте тұр, алайда бүгінгі күні ауылдағы тұрғын үй салу құрылысы тоқтатылған. Тұрғын өз бетінше жеке үй салу туралы бастамамен шығып, осы мәселеде оның отбасына қолдау көрсетуді сұрады. Ғали Есқалиевтің тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі азаматқа демеушілердің қаражаты есебінен құрылыс материалдарымен көмек көрсету мүмкіндігін қарастырмақ.

Облыс әкіміне қала тұрғыны, жалғызбасты ана жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінді. Мамандығы бойынша тұрғын заңгер, сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімі болып табылады және қазіргі уақытта репетиторлық қызметпен айналысады. Диплом біліктілігінің сәйкес келмеуінен тұрғын жұмысқа орналаса алмайтыны анықталды. Білім басқармасының басшысы осы мәселе бойынша және белгіленген біліктілік стандарттары бойынша кеңес берді.

Сондай-ақ, қала тұрғыны "Бақытты отбасы"бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға көмек сұрады. 2019 жылы ол толық емес отбасылар санаты бойынша кезекке тұрды. Облыс әкімі тұрғын үйге бастапқы жарнаның 10% - ы жетіспеген жағдайда мемлекет осы жарна сомасының жартысына тұрғын үй сертификатын беру арқылы көмектесе алатынын атап өтті.

Аймақ басшысының тұрақты қабылдауына жазылғысы келетін тұрғындар келесі нөмірге қоңырау шалуы керек 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372.