
Қабылдауға Орал қаласы әкімдігінің және мүдделі органдардың басшылары қатысты.
Өңір басшысына қала тұрғыны өзінің ұлы, прокуратура органдарының бұрынғы қызметкерін қызметінен босату туралы өтініш білдірді. Өтініш берушінің ұлын жұмыстан шығаруға қызметтік тексеру нәтижелері және жер учаскесіне байланысты қылмыстық іс негіз болды. Облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев айтуынша, бүгінгі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша іс сотқа берілуі мүмкін, онда іс бойынша нақты шешім қабылданады. Облыс әкімі тұрғынға тергеу мен қабылданған шешімдер тек қолданыстағы заң аясында жүргізілетінін жеткізді.
Қабылдау барысында облыс әкіміне өңірдегі өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жүгінді. Шаруашылықта 7,747 мың га жер бар. 2016 жылы аталған ШҚ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан қаржылай қарыз алады, кейін төлем кестесі бойынша кідірістер пайда болып, іс сотқа берілген. ШҚ басшысы қарызды қайтаруға дайын екенін, алайда қазіргі таңда қайтаратын қарыз сомасы ШҚ үшін тым көптік етіп отырғанын жеткізді. Облыс әкімі "АКК" АҚ филиалының басшылығына ШҚ-ның бөліп төлеу және басқа да қолдау шараларын ұсыну мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. БҚО бойынша "АКК" филиалының директоры Ербол Иденов істі медиация жолымен қарау мүмкіндігін атап өтті. Бұл ретте қарызданушы жақын арада қарыздың кемінде 15% пайызын өтеуі қажет.
Өтініш білдіргендердің арасында Хан ордасы ауылында орналасқан "Жас құс" қонақ үйін МЖӘ шеңберінде сенімгерлік басқаруға беру мәселесімен хабарласқан Бөкей ордасы ауданының тұрғыны да болды. Облыс әкімі өтініш білдірген азаматтың МЖӘ жобасы бәсекеге қабілетті болуы және тиімді тарифтерді қамтуы тиіс екенін атап өтіп, оның бастамасын қолдады. Өңір басшысы ауданға жақсы жол салынатынын, туризмді дамыту жоспарланғанын және Хан ордасында қонақ үй қызметі табысты болуы тиіс екенін атап өтті.
Облыс әкіміне сұрақтармен ғана емес, ұсыныстармен де жүгінді. Ғали Есқалиевтің Facebook-те үй маңындағы учаскелерде бау-бақша шаруашылығын дамытуға қатысты жарияланымына үн қосты. Осылайша, Польша, Түркия, Ресей сияқты елдердің тәжірибесін пайдалану және елдімекеннің жанында жер беру, бағбандықты хоббиге айналдыру және қосымша табыс табу мүмкіндігі ұсынылды. Қала тұрғыны өз қаражатын бағбандыққа салғысы келетін адамдар ұжымын жинауға дайын екенін атап өтті. Өңір басшысы біздің өңірдің бау-бақша өсірудегі зор әлеуетін және Барбастау мен жеміс-көкөнісін, Мичурин алмаларының бұрынғы даңқын атап өтті. Облыс әкімі жобаларды санмен қарастыратынын атап өтіп, қала тұрғынына осы аптада осы мәселе бойынша арнайы жиналысқа қатысуды ұсынды.
Облыс әкімінің тұрақты қабылдауына жазылғысы келетін тұрғындар келесі нөмір бойынша хабарласуы керек 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51.