БҚО-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР КӨЛЕМІ АРТТЫ

БҚО-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР КӨЛЕМІ АРТТЫ

 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп көрсетті.
Батыс Қазақстан облысында 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 550 мың гектарды құрады. Дәнді дақылдардың 227 мың гектары орылып, 292 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 20,7%-ға артық.
Орташа өнімділік 2019 жылмен салыстырғанда гектарға 10,3 центнерден 12,9 центнерге дейін өсіп отыр.