Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту өңір басшысының басты назарында. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, өткен жылы 25 мыңнан астам тұрғыны бар 31 ауылға таза ауыз су тартылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде биыл 4,2 млрд. теңге қаражатқа 16 ауылға су өткізуді жоспарлануда. Нәтижесінде таза ауыз сумен қамту көрсеткішіміз 88%-дан 89,8%-ға дейін өседі.