Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 529 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде 527 пәтер кезекте тұрғандарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға – 53 пәтер.
Биыл кезекте тұрғандар үшін Орал және Ақсай қалаларында 1126 пәтер, ауылдық жерлерде 640 пәтер салу жоспарлануда.
- Біздің облыста тұрғын үйге үлкен сұраныс бар, көбісі өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келеді. Мен үшін адамдар аймақта баспана сатып алуы өте маңызды. www.uralsk.smartmap.kz сайтында Оралда салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлер туралы ақпарат алуға болады, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, көктемде "Ақжайық" шағын ауданында тұрғын үй құрылысы басталады.
Сондай-ақ, Қаратөбе, Федоровка және Круглоозерное кенттерінде жеке тұрғын үй салуға 1800 жер учаскесі дайындалуда.