2020 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 468 млрд.теңгені құрады, оның 81% – жеке инвестициялар.
Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 270-тен астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 19 млрд.теңгеге 7 жоба іске қосылды.
Ағымдағы жылы 3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 687 млрд.теңгеге бірқатар инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланған.
Сондай-ақ, 2021 жылы Теректі ауданында мұнайды терең өңдеу зауытының құрылысын қайта бастау және 920 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 156 млрд.теңгеге 10 жаңа инвестициялық жобаның құрылысын бастау жоспарлануда.