
Онлайн көрсетілім:
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні сағат 16:00 - де Қаратөбе ауданының әкімі Ж.Асантаевтың аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде Қаратөбе ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайттары арқылы өткізіледі.
Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды көрсетілген мекен-жайлар беруге болады:
Қаратөбе ауданы және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында және Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының арнайы жәшіктеріне салуларыңызға, аудан әкімі аппаратының Facebook, Instagram, әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, karatobe-kense@bko.gov.kz почтасына, 8 (7114) 53 11 55, 8 (777) 195 48 83 жұмыс телефондары арқылы қоюға болады.