Онлайн көрсетілем:
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні сағат 11:00 - де Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиевтің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде Сырым ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайттары арқылы өткізіледі.
Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды көрсетілген мекен-жайлар беруге болады:
Сырым ауданының және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында және Сырым ауданы әкімі аппаратының арнайы жәшіктеріне салуларыңызға, аудан әкімі аппаратының Facebook, Instagram, әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, akim_sirim@bko.gov.kz почтасына, 8 (7113) 43 12 81, 8 (777) 165 36 76 жұмыс телефондары арқылы қоюға болады.