Онлайн-форматта өткен кеңеске "Спецстрой Сервис" ЖШС басшысы Б.Шакимов, SinoPes Industrial Intelligence Technology Co.Ltd. компаниясының шетелдік инвесторлары, "Қазақ Инвест" ұлттық компаниясының шетелдік өкілдігі және жергілікті мүдделі органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуде жобаның іске асырылу барысы, инвесторлардың алдында тұрған жоспарлар мен міндеттер талқыланды.
Бүгінгі таңда жергілікті және шетелдік серіктестер арасында келісімге қол қойылып, жобаның жол картасы жасақталды. Ендігі кезекте жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Шетелдік инвесторлар облыста цемент зауытын салуға өздерінің мүдделі екенін жеткізіп, мемлекет тарапынан жобаны инфрақұрылымдық қолдау қажеттігі туралы мәлімдеді.
М.Манкеев өз кезегінде бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобаға толық қолдау көрсетуге дайын екеніндігін жеткізді.