
Онлайн көрсетілім:
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні сағат 16:00 - де Теректі ауданының әкімі А. Өтеғұловтың аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде Теректі ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Теректі ауданы әкімдігінің ресми сайттары арқылы өткізіледі.
Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды көрсетілген мекен-жайлар беруге болады:
Теректі ауданы және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында және Теректі ауданы әкімі аппаратының арнайы жәшіктеріне салуларыңызға, аудан әкімі аппаратының Facebook, Instagram, әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, terekta@bko.gov.kz почтасына, 8 (7113) 22 13 34, 8 (708) 355 70 35 жұмыс телефондары арқылы қоюға болады.