
Онлайн көрсетілім:
Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні сағат 16:00 - де Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде Ақжайық ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Ақжайық ауданы әкімдігінің ресми сайттары арқылы өткізіледі.
Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды көрсетілген мекен-жайлар беруге болады:
Ақжайық ауданы және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында және Ақжайық ауданы әкімі аппаратының арнайы жәшіктеріне салуларыңызға, аудан әкімі аппаратының Facebook, Instagram, әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, a.kenseakzhaik@bko.gov.kz почтасына, 8 (7113) 69 13 49, 8 (7113) 69 14 53. 8 (7113) 69 20 22 жұмыс телефондары арқылы қоюға болады.