Бүгін өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтармен өзінің кезекті кездесуін өткізді.
Бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының әкімі, облыстық басқарма басшылары да қосылды.
Өтініш білдірген азаматтардан тек өздерін мазалайтын жеке сұрақтар емес, облыстың бюджет шығыстарын оңтайландыру, құрылыс, жаңа жұмыс орындарын құру саласында ұсыныстар енгізді.
Облыс әкімі әр мәселені егжей-тегжейлі қарап шығып, қала және басқарма басшылығына өтініш білдіргендерге заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.