Коронавируспен ауыратын 294 науқастың жағдайы ауыр – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Коронавируспен ауыратын 294 науқастың жағдайы ауыр – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

24 875 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда. 294 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

18 қаңтарға 24 875 адам (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ -) КВИ – дан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда – 6 570 пациент, амбулаториялық деңгейде-18 305 пациент.

КВЭ+ және КВИ - мен ауырғандардың ішінде:

* ауыр халде - 294 пациент,

* аса ауыр дәрежедегі жағдайда - 60 пациент;

* ӨЖЖ аппаратында - 40 пациент.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияға оң ПТР бар 1003 науқас анықталды. 468 адам сауығып кетті. Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және күніне екі өлім тіркелді.

zhaikpress.kz