
СҚО-да барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері басталды, алайда пандемия іс-шараларды өткізуге өз түзетулерін енгізді.
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін әкімдердің халықпен қорытынды есеп беру кездесулері негізінен әлеуметтік желілерде, әкімдіктердің ресми беттерінде онлайн-режимде өтеді, ал кейбір жағдайларда жергілікті телеарналарда трансляциялар жүргізіледі, сондай-ақ оларда барлық қажетті ақпарат жарияланады.
Сонымен қатар, ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін арнайы бөлінген орындарда жәшіктер орнатылған. Естеріңізге сала кетейік, барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі 12 қаңтардан басталып, 16 ақпанға дейін жалғасады, ал 20-шы күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев халыққа есеп береді.
Жадыгер Құсайынов
zhaikpress.kz