Құрметті батысқазақстандықтар!
Барлық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл күн сенушілерді гуманизмнің, мейірімділіктің және жақынына деген сүйіспеншіліктің Мәңгілік құндылықтарына қайта жүгінуге шақырады. Рождество-жақсы үміт мерекесі. Ол адамдарды игі істер жасауға, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылуда біріктіреді. Бұл мәңгілік құндылықтар тәуелсіз Қазақстанның негізі болып табылады.
Орал Епархиясының қоғамдағы жоғары моральдық, адамгершілік мұраттарды сақтау, азаматтық бейбітшілікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту сияқты міндеттерді шешуге қосқан зор үлесін ерекше атап өткім келеді.
Бір-бірімізге күш біріктіріп, қолдау көрсетіп, көмектесу арқылы біз ортақ үйде тұрақтылық пен бірлікті сақтаймыз.
Шынайы иман мейірімділікке, ізгілік пен әділдікке, халықтар арасындағы достыққа үйретеді, бізде үздік қасиеттерді дамытады.
Осы жарқын мерекеде Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және отбасылық жайлылық тілеймін.
Рождество көп жақсылық пен қуаныш, махаббат пен достықтың жылуын берсін!
Жаңа жылда барлық ізгі тілектер орындалсын!
БҚО әкімі Ғали Есқалиев
