Аймақ басшысы Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен облыстың оңтүстік аудандарында болды. Сапарын Қос өзен елінде Ақпәтер ауылдық округінде бастаған облыс әкімі алдымен елдімекенде орналасқан тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты. Сайлау учаскелерінде болып, ауданның маңызды іс-шараға дайындығын пысықтады. Сондай-ақ, Жәнібек ауданындағы күрделі жөндеуден өткен мектеп-балабақша кешенінде болды.