Тұрғындарды қабылдау бейнебайланыс форматында өтті. Осылайша карантиндік режим талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды.
Қабылдау барысында өңір тұрғындары жер, тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ құқықтық сипаттағы мәселелердi көтерді.
Өңір басшысы әр мәселені егжей-тегжейлі қарап, қала, аудан және басқарма басшылығына өтініш білдірген азаматтарға заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.