
Меритократия қағидаттарына және ауысу тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Айтмағамбетов Бауыржан Есқайырұлы тағайындалды.
Айтмағамбетов Бауыржан Есқайырұлы 1981 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Универстиеті мен БҚМУ «жол қозғалысын ұйымдастыру» және «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
-«Жайық Строй сервис» ЖШС-нің менеджері;
-Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму сұрақтары бойынша бас маманы;
-Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі;
-Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2018 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.