
Өңір кәсіпкерлерінің назарына!
Сіздерге жаңа жобалар ұсынғым келіп отыр. Бірақ оны сәтті жүзеге асыру үшін білікті мамандар мен жауапкершілігі мол, жанашыр азаматтар қажет.
Біздің облыста ондай азаматтар бар екенін білемін. Өйткені жақында кәсіпкерлермен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қалыпты өмірге бейімдеу бағытында тәжірибесі бар адамды жолықтырдым.
Ол осы тақырыптағы жобаны іске асыру бойынша бағыт беруге, жүзеге асыруға көмектесуге және сол арқылы қоғамның мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.
Сондықтан мен жаңа жобалар бойынша ұсыныстарды осы парақшаға орналастыратын боламын.
Осындай жобалардың негізгі принциптері:
1. Көмекті қажет ететін адамдардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді;
2. Аталған жобаларды мемлекет ұзақ мерзім негізінде қолдайтын болады;
3. Жоба өзін-өзі ақтайды. Бірақ тиімділігі онша жоғары болмайды.
Осылайша, адамдардың нақты мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесетін жанашыр және білікті кәсіпкерлер бұл ұсынысқа құлақ асады деп үміттенемін.
№1 ұсыныс. Орал қаласында хоспис ашу.
Бұл жобаның мақсаты - онкологиялық ауруларға шалдыққан үмітсіз адамдарға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау.
Жобаны іске асырамын деушілерге мемлекет өз тарапынан төмендегідей қолдау көрсетпек.
Онкологиялық диспансердің жанында орналасқан 1977 жылы салынған, ауданы 918 ш.м., ғимаратты жеңілдік шарттарымен берілетін болады. Қажет болса басқа ғимараттар ұсынылады.
Ал инвестор өз кезегінде хосписке жабдық сатып алу, қызметкерлерді жалдау және қызмет көрсету сияқты міндеттемелерді алатын болады.
Инвестор жобаға жұмсалған қаражатты, мемлекеттік тапсырыс және қосымша коммерциялық қызметтер көрсету арқылы қайтара алатын болады.
Егер жоба сізді қызықтырған болса Тоқсанов Ерлан Виленұлына (онкологиялық диспансердің директоры) +7 777 791 46 05 хабарласуыңызға болады.