
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында облыстық ішкі саясат басқармасы ұжымының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Хайруллиннің, БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А. Хайруллинаның қатысуымен ZOOM бағдарламасы арқылы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, аталған құқық бұзушылықтар үшін жазаны өтеу жағдайларының қатаңдануы, мемлекеттік қызметшілердің жалпы өзін-өзі ұстауы, мемлекеттік қызмет көрсетуде қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы еркін форматта баяндалды.