БҚО-да жалпы құны 1,9 трлн. теңгені құрайтын 25 инвестжоба іске асуда

БҚО-да жалпы құны 1,9 трлн. теңгені құрайтын 25 инвестжоба іске асуда



10 айдың қорытындысы бойынша инвестиция қоры мен негізгі капиал 364,6 млрд. теңгені құрайды. Дәл қазір 1,9 трлн. теңгені құрайтын 25 инвестжоба жүзеге асырылуда. Еліміздегі орын алған пандемияға байланысты шектеулер ескеріліп, жекелеген инвестжобалар 2021 жылға шегерілді. Әйтсе де инвестиция тарту жұмыстары жалғаса түседі.

Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде баяндады.

-Пандемияның кесірінен кейбір инвестжобалардың мерзімі 2021 жылға қалдырылса да, биыл 19 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба қарастырылу үстінде. Сондай-ақ жалпы құны 46 млрд. теңгені құрайтын, 900 тұрақты жұмыс орнына негізделген 18 жоба инвесторлар Кеңесінде мақұлданды. Оның ішінде 4 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Облыс орталығының әр аймағында 3 көтерме-тарату орталықтарының құрылысы басталды. Қосымша сақтау қоры 22 000 тоннаны құрайды. Оның жалпы құны – 10 млрд. теңге, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ индустриалды аймақтың 281 га көлемінде ішкі құрылыс жұмыстары басталды. Индустриалды аймаққа инвесторларды тарту және де ішкі инфроқұрылымды жүргізу мақсатында шетелдік «EuralHub» компаниясымен меморандумға қол қойылды.
Бізде «Бір меморандум терезесі» бағыты бойынша инвесторларға кеңес беретін ақпараттық инвестпортал жұмыс жасайды.