
Соңғы екі аптада еліміздің барлық өңірінде COVID-19-ға шалдыққан науқас саны көбейген. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру деңгейі 1,7 есеге өсті, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Е.Қиясов ОКҚ брифингінде.
Жалпы республика бойынша науқастың 45% Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (3912-нің 1755-і). Сырқат Қостанай облысында 4 есе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе өскен. COVID-19 (ПТР -) 39 545 ықтимал жағдайы тіркелді, оның 29 351-і сауығып шықты, 9 782 емделуде. Соңғы тәулікте 188 жағдай тіркелді.
Сонымен қатар, еліміздің үш өңірінде оқушылар арасында COVID-19 ауруы өршіп тұр.
Оқушылар арасындағы күнделікті мониторинг жалғасуда. Соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныпта оқитын оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді,-деді Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Е. Қиясов ОКҚ брифингінде.
Әсіресе Шығыс Қазақстанда індет жұқтырғандар көп (32), Павлодар облысында (12), Батыс Қазақстан облысында (5), қалған 4 өңірде бірлі-жарым науқас тіркелді (Қарағанды, Ақмола облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы 3 жағдайдан, Қостанай-2, Солтүстік Қазақстан, Атырау 1 жағдайдан).
Оқу жылының басынан оқушылар арасында КВИ-дің 825 жағдайы тіркелді, оның 261-і кезекші сыныптарда оқиды, бұл офлайн режимде білім алушылардың жалпы санының 0,02% (812 742 бала кезекші сыныптарда оқиды), 564 жағдай - қашықтан білім алатын балалар арасында анықталған (0,01%, 2 591 887 бала қашықтықтан оқиды).
zhaikpress.kz