БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барды

БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барды

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Дарьян, Трекин, Январцев, Рубежин, Красновск, Чеботарев, Чиров, Раздольненск, Мичурин, Макаров ауылдық округтерінің әкімдерімен, сондай-ақ Достық, Махамбет, Сұлукөл ауылдық округтерінің әкімдерімен, Бәйтерек ауданы Дарьян ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Е. Г. Бисақаев, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А. Р. Хайруллина қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны өтеу шарттарын қатаңдату, мемлекеттік қызметшілердің іссапар кезеңіндегі мінез-құлқы және Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы, қоғам алдындағы жауапкершілік туралы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге тыйым салуды Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.