БҚО-да шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қорытыланды

БҚО-да шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қорытыланды


Облыс әкімдігінде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Жиын барысында биылғы қабылданған іс-шаралардың қорытындылары шығарылып, зиянкестерге қарсы іс-қимылдың 2021 жылға арналған фитосанитариялық шараларын ұйымдастыру жөніндегі жоспар қабылданды.
Мұхтар Манкеев атап өткендей, биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен 73 мың гектардан астам жер учаскелерін итальяндық шегірткелерге қарсы уландыру жұмыстары жоспарланған болатын, ағымдағы жылдың барлық қиындықтарына қарамастан 67 мың гектардан астам жер өңделді, осылайша жоспар 91,2% - ға орындалды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 56,6 мың га құрайтын алаңдарға саяқ шегірткелеріне қарсы уландыру жұмыстары жүргізілді.
- Жыл басында біз Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының аумағында әлі де орын алатын белгілі бір тәуекелдерге тап болғанымыз құпия емес. Бұл ретте біздің тарапымыздан зиянды шегірткелерден қорғаудың барлық қажетті шаралары жүргізілді. Бұл - Аумақтық органдардың, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ аудан әкімдіктерінің бірлескен жұмысы. Дегенмен, біз жақсы атқарылған жұмыстарға қарамастан, зиянкестердің пайда болуының алдын алу үшін жұмыстарын жалғастыруымыз керек, – деді М.Манкеев.
ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдиновтың айтуынша, итальяндық шегірткеге қарсы іс-шаралар БҚО-ның 6 ауданының аумағында өткізілді. Жұмыстардың басым бөлігі Қаратөбе (28 мың га), Сырым (27 мың га) және Шыңғырлау аудандарында (10 мың га) жүргізілген болатын.
- Үйірлі шегірткелерге келетін болсақ, уақтылы химиялық өңдеудің арқасында ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың көлемі өткен өткен жылмен салыстырғанда 87,7 мың гектарға қысқарды, бұл сөзсіз жақсы көрсеткіш болып табылады, – деп атап өтті Л.Хайретдинов.
Сонымен қатар, Ақтөбе және Атырау облысының мамандарымен және РФ шекаралас облыстарының аудандарымен бірлескен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев атап өткендей, әрбір ауданда зиянкестерге қарсы іс-шаралары бойынша жедел жұмыс жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.
– Биыл біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Келесі жылы да Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шекаралас аудандарында шегірткелердің таралу қаупі сейілмей отыр. Облыс аумағында зиянкестердің пайда болуына жол бермеу үшін барлық жергілікті мемлекеттік органдарды, көрші облыстарды, жауапты мекемелерді ағымдағы жағдай туралы жедел хабардар етіп отыруымыз керек. Біз бірлесе отырып, барлық қажетті нәтижелерге қол жеткізіп, жерді шегірткеден қорғауымыз керек, - деді М.Манкеев.
Отырыс қорытындысы бойынша 2021 жылы БҚО аумағында шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.