Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысының лауазымына Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы тағайындалды.  

Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы – 1985 жылы туған. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «есеп және аудит бакалавры», «құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші және бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2015 жылдан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.