Бүгін сағат 15: 00-де облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясында депутаттар алдында өңірдің ағымдағы жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп береді.

Бүгін сағат 15: 00-де облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясында депутаттар алдында өңірдің ағымдағы жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп береді.

Облыстық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясының күн тәртібі

30 қыркүйек 2020 жыл сағат 10.00

1.Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н. Есқалиевтің есебі туралы.

Баяндамашы: Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

 

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

   Баяндамашы:  Тлепберген Ерсайұлы Каюпов - Батыс Қазақстан облысының       экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  басшысы.

  1. 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған

емдік өнімдерді қосымша беру туралы.
             Баяндамашы: Болатбек Амангелдіұлы Каюпов - Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.            

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-3 «Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

            Баяндамашы:  Шауенов Ринат Сатымұлы – Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалауды реттеу басқармасының басшысы.

  1. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

             Баяндамашы: Өтеғұлов Арман Кәрімұлы –Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімі. 

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы туралы.