Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының лауазымына Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы тағайындалды.

Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы – 1983 жылы туған. Білімі жоғары. Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «халықаралық деңгейдегі экономист» және «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маманы;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы кадрлармен қамтамасыз ету бөлімнің бастығы;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – басқарма басшысының орынбасары;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары;

– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

2017 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.